Атырауда ер адам баласын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін сотталды

cover Фото: envato

Атырауда ер адам баласын өз-өзін өлтіруге дейін жеткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Атырауда сот ер адамды кәмелетке толмаған ұлын өз-өзін өлтіруге дейін жеткізгені үшін үшін кінәлі деп тапты.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың қарашасында болды. Іс материалдары бойынша, әкесі кәмелетке толмаған ұлына зорлық-зомбылық көрсетіп, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куәгердің және істің басқа да қатысушыларының айғақтарымен расталды. Сондай-ақ тергеу әрекеттерінің хаттамалары, кешенді сот-психологиялық — психиатриялық сараптамалардың қорытындылары және заттай дәлелдемелер ұсынылды»,  деп аталды сотта.

Осыған қарамастан, ер адам өз кінәсін мойындамады және оны ақтауды сұрады.

Сот айыптау үкімін шығарды және алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар