Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды

cover Фото: Бейнеден кадр

Атырауда қоғамдық көлікте жасөспірім қыздар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды Orda.kz.

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында қыздар төбелесіп қалған. Егде жастағы ер адам қыздарды ажыратуға тырысыпты. Бірақ қыздар бірін-бірі итеріп, шаштарынан тартып, жолаушыларға толы автобуста төбелестерін жалғастыра берген.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылыққа қатысы бар жасөспірім анықталған.

«Аталған дерек бойынша ұрып-соғу фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта жәбірленушіден және оқиғаның басқа куәгерлерінен түсініктемелер алынып, барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізілуде», деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, Алматы облысында қоғамдық көліктің жүргізушісіне белгісіз адам шабуыл жасап, автобустың әйнегін сындырған. Осы жағдайдан кейін үш адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар