Атырау тұрғыны 268 миллион теңгелік темекі ұрлап кеткен

cover

Атырау тұрғыны 268 миллион теңгелік темекі ұрлағаны үшін бес жылға сотталды. Табылған темекілердің барлығы заттай айғақтар болды, - деп хабарлайды ORDA. КМФ-ға сілтеме жасап.

Атырау тұрғыны 1690 қорап Милано темекісін ұрлап кеткен.

Ұрлықты Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады.

«Құны 268 миллион теңгені құрайтын бұл темекілер қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер ретінде танылды. Қораптар Фрейгтлайнер автокөлігі мен Шмитц жартылай тіркемесімен бірге ұрланған», - делінген хабарламада.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» және «Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті немесе басқа көлік құралын заңсыз тартып алу» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Ол бес жылға сотталып, 268 304 000 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіріп алуға міндеттелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар