Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты

cover Фото: Қорғаныс министрлігінің бейнесінен кадр скриншоты

Атырау облысында орналасқан Қарабатан әскери полигонында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде әскери қызметші оқ жарақатын алған. Алдын ала деректер бойынша, оқиға қарумен абайсыз жұмыс істеудің салдарынан болған.

Жарақат алған сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оған қажетті көмек көрсеткен. Алайда әскери қызметшінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары жетекшілік ететін арнайы комиссия жіберілді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар