Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

cover Фото: ҚР ТЖМ

Атырауда Теңдік стансасындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде жүк пойызы тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан тепловоз қатты зақымданды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тепловоз кабинасынан үш машинисті шығарды.

«Олар төменгі жақ сүйек сынығымен ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ», деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.


Зардап шеккендер толық дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр. Жүргізушілердің тез сауығып кетуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.


Қаработан стансасында болған апат салдарынан «Маңғышлақ-Атырау» жолаушылар пойызы кешігіп қалды. Оқиға салдарын жою үшін оқиға орнына арнайы пойыз жіберілді.


Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оған Атырау облысының ТЖД 12 құтқарушысы мен төрт техникасы қатыстырылған. Соқтығыстың мән-жайы анықталып, тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар