Атырау облысында бір келін өз енесін өлтірді деген күдікке ілінді

cover Фото: Pixabay.com

Атырау облысында 82 жастағы әйелдің өліміне күдікті ретінде оның келіні ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы жағдай Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында болған. 82 жастағы әйел өлі  табылды. Көп ұзамай марқұмның 39 жастағы келіні күдікті ретінде ұсталды.

«1942 жылы туған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдікті ретінде 1986 жылғы азаматша қамауға алынды», деп хабарлады облыстық ПД. 

Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, 28 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Алматы – Бішкек тас жолында қайғылы жол апаты болған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар