Атырау базарларында ақбөкен еті сатылып жатыр
Атырау облысының сауда орындарында ақбөкен еті пайда болды. Осы орайда облыс әкімдігі жергілікті жеткізушілердің киік етін сатуға құжаты жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Апта басында ақбөкен етінің келісі 1500 теңгеден болғанымен, сұраныстың көптігінен баға 1700 теңгеге дейін көтерілді.
Жергілікті тұрғындар тіпті ет павильондарына өнім қашан келетінін бірінші болып білу үшін жедел мессенджерлерде чат құрып алған
«Батыс Қазақстан облысынан ет әкелеміз. Бұл өлген мал емес, суреті, видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Атып түсірген соң бірден соямыз. Сосын етті бір күн тоңазытып қоямыз, содан кейін Атырауға әкелеміз», - деді саудагерлердің бірі Orda.kz тілшісіне.

Ал, халық ақбөкен етін жапатармағай сатып алуда.
«Бала кезімде әкемнің бізге әкелгені есімде. Мен көптен бері ақбөкен етін жеген жоқпын. Сондықтан бүгін сатып алып, отбасымызбен дәм татуды жөн көрдік», - дейді 30 жастағы Алдоңғар Бариев.
Ақбөкен етінің базарға қайдан келетіні белгісіз. Бұл ретте қалалық ветеринарлық станция облыс бойынша еш жерде сатылмайтынын айтады. Орда.kz тілшісі осы сұрақпен жеткізушілерге хабарласқанымен, олар қолдарында барлық рұқсаттар бар екеніне сендірді, бірақ көрсетуден бас тартты.
Дегенмен «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, жеке тұлғалар ет сатпайды. Кәсіпорын ресми түрде Атырау, Жаңғала, Жалпақтала және Круглоозерный қалаларының төрт ет комбинатымен келісім-шарт жасасқан.
Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдігі жеткізушілердің немесе сатушылардың ақбөкен етін сатуға рұқсаты жоқ екенін айтады. Өйткені жергілікті атқарушы органдар әлі құжат бермеген.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты