«Атты әскерді танкке қарсы жіберген»: 106-шы қазақ ұлттық дивизиясы жайлы неге еш жерде ақпарат жоқ?

cover Фото: Жасанды зерде

Ежелгі мифологияны зерттеуші, философия ғылымдарының кандидаты, жазушы, киносценарист Зира Наурызбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмоланың төрінде орналасқан ескеркіште қазақша ақпараттың жоқтығын, сонымен қатар 106-шы дивизия туралы ақпараттың жоқ екенін айтты. Оның айтуынша бұл қазақ жігіттерінен құрылған полк жауынгерлерін танкіге қарсы қылыш ұстаған күйі жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында көптеген ерлік пен қасіретті беттер бар. Олардың ішінде 1941-1942 жылдардағы ең қиын кезеңде құрылған ұлттық әскери құрамалардың тағдыры тым ауыр. Сондай дивизиялардың бірі — Ақмолада жасақталып, 1942 жылы мамырда Харьков шабуыл операциясының отты қазанында толығымен дерлік жойылған 106-шы қазақ ұлттық әскер дивизиясы.

Зира Наурызбай ескерткіштің жанында QR код бар екенін, сонымен кірсең барлық елдің тілі бар, тек қазақ тілі жоқ екенін мәлімдеді.
«Атты әскерді танкке қарсы жұмсаса не болар екен? Астанада Жеңіс көшесінің басында ескерткіш бар. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан, ол жалпы Ақмолада құрылған дивизияларға арналған ескерткіш. Төрт дивизия Ақмолада құрылған. Ушеуі Румыня, Балтық, Чехия елдеріне жетіп соғысты аяқтаған екен. Ал мына дивизия қазақ кавалериялық девизиясы еді. Ақмолада құрылып, Харьков қаласының түбінде дұшпанға соққы беріп, қиян кескі ұрыста жойылып кетті. Қазақ кавалериялық дивизиясы түгелімен жойылған. Олар жауға жалаң қылышпен шапқан», — деді Зира Наурызбай. 
[media=https://www.facebook.com/reel/1242662807203489]
«Сорақысы сонда... Ескерткіштің қасында QR код бар. Сонымен өтсең, мәтіндер түрлі шетел тілдерінде бар. Орысша мәтін бар. Қазақша мәтін жоқ. 3 аман қалған дивизия жайлы мәлімет бар. 106-шы қазақ ұлттық дивизиясы жайлы бір ауыз сөз жоқ. Ол дивизияның тағдырын Харьковта тұратын Маққа Қаражанова деген қазақтың қызы іздеп тапты, дәлелдеді. Өйткені ұмыттыруға тырысты ғой. Біз сол дивизиямызға ескерткіш орнатсақ. Сонымен қатар ол бүкіл салт атты өркениетке, жауынгер бабаларымыздың рухына арналған ескерткіш болса деп ойлаймын», — деді Зира Наурызбай.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар