Атом электр станциясын салу идеясына тұрғындар қалай қарайды?

cover Фото: Pexels

Атом электр станциясын салу идеясына тұрғындар қалай қарайтыны жайлы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі шықты.

Бұл туралы стратегиялық зерттеулер институты хабарлады.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұйрығымен 2024 жылдың 7 мен 18 тамызы аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Таңдау көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент сияқты қалалардың 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Жалпы респонденттердің көпшілігі (53,1%) атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. Атом электр стансасын салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артып отыр. Соның ішінде 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы мәселесін шешу де бар.

Атом электр станциясын салу идеясына қарсы адамдар (32,5%) негізінен ықтимал апаттардан және олардың қоршаған ортаға тигізетін салдарынан қорқады.

Бұл ретте әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі шешпеген.

Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (51,0%) референдумда атом электр станциясы құрылысын «жақтап» немесе «қарсы» дауыс беруге жеткілікті ақпарат пен білім деңгейі бар деп есептейді.

Респонденттердің тағы 12,2 пайызы фрагменттік ақпарат барын мойындады, респонденттердің 31,6 пайызынд мүлде түсінік жоқ, 5,2 пайызы жауап беруге қиналады. Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС құрылысы туралы референдумға қатысуға нық ниеттерін білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысқысы келетінін айтты. Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатысуды жоспарламайды, 8,9%-ы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар