«Атбасардағы азаптау ісі»: Тимур Дәнебаев аштық жариялады
Коллаж: Orda.kz
41 сотталушыны соның ішінде Тимур Дәнебаевты ұрып-соққан түрме қызметкерлерін сот 12 ақпанда ақтаған болатын. Бүгін Тимур Дәнебаев аштық жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Азаптау ісі бойынша үкімге наразы белсенді Тимур Дәнебаев пен басқа сотталушылар түрмеде аштық жариялады.
Дәнебаевтың видеоүндеуі 13 ақпанда Qaharman құқық қорғау қорының парақшасында жарияланды.
«Сотталушыларды ақтағанына таң қалдық. 12 адам ғана сотқа тартылды, олардың саны 25 болуы керек еді… Біз үкімге келіспейміз. Аштық жариялаймыз», — деді Дәнебаев.
Оның қасында тұрған екі адам видеода Дәнебаевтың сөзін қолдайтынын айтты.
«Ақмола облысының ауданаралық соты шығарған үкімге толық келіспейміз», — деді сотталушылардың бірі.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі видеодағы адамдардың аштық жариялағанын растады.
Түрме қызметкерлерінің тұтқындарды азаптағаны көрінетін видеолар 2023 жылы қыркүйекте желіде тараған болатын. Сотқа тартылған 12 қызметкер «Азаптау» бабы бойынша айыпталған.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист келгені» жайлы мәлімдемесі үшін президент Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан Тимур Дәнебаев 2022 жылы ұсталып, 2023 жылы маусымда араздық тудырды деп 3 жылға сотталған болатын. Кейін Атбасар түрмесінде оны түрме қызметкерлері азаптады. Атбасардағы №1 мекемеде 41 адамға қатыгездік көрсеткені үшін айып тағылған болатын. Тимур Дәнебаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыға 20 мың терроршы шабуыл жасады деген сөзі үшін жауапқа тартуға талпынған.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Тимур Дәнебаевтың ағасынан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді