Ақтауда басына жиһаз құлаған ер адам қайтыс болды

cover

Туыстары оның өмірі үшін сегіз ай бойы күрескен. Қайғылы оқиғаға себепкер болған, бақандай бір азаматқа ажал құштырған қылмыскер табылған жоқ.

Алтыншы қабаттан басына жиһаз құлаған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның бауыры мәлімдеді, деп жазады Lada.kz. Оқиға осы жылдың қаңтар айында болған. 39 жастағы ер адам үйінің жанынан өтіп бара жатқанда кенет оның үстіне үтіңгі қабаттан жиһаз құлап түскен. Дәрігерлер оған мойын омыртқасының сынуы, жұлынның ауыр контузиясы, толық сал ауруы деген диагноз қойған.

Одан кейін туыстары кінәлі адамды тауып,  жазалуды талап етіп, жәбірленушіге әртүрлі елдерден дәрігерлер шақыртылды. Ол 26 тамызда дүниеден өтті.

«Германия мен Ресейден арнайы мамандар шақыруға тура келді, өйткені төсекке ұзақ жатқаннан пайда болған жарасы асқынып кеткендіктен Қазақстанның бірде-бір дәрігері оны қабылдамады. Қайда ғана арызданбадық», - дейді марқұмның бауыры.

Марқұмның бауыры бұл қайғылы оқиғаға себепкер болған адамды «жасырып отыр» деп есептейді. Полиция әзірге істің барысы туралы хабарлаған жоқ.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен кінәлі әлі табылып, жазасын алмағаны белгілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар