Ата-анасының «жаназасына» ақша жинаған астаналық тергеуге алынды
Фото: freepik.com
Елордада әріптестерінен жалған түрде ақша жинаған ер адам полицияның тексеруіне алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Деректерге қарағанда, ер адам жұмыстан уақытша босату туралы өтініш жазып, әкесінің қайтыс болғанын айтып, басшылықтан демалыс алған. Сол уақытта әріптестері оған қаржылай көмек көрсеткен.
Бір апта өткен соң ол анасының да дүниеден өткенін хабарлап, тағы да көмек сұраған. Алайда әріптестері күдіктеніп, жағдайды тексеру үшін анасына хабарласқан кезде оның тірі екенін және денсаулығының жақсы екенін білген.
Осылайша ер адамның барлық өтірігі анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, 20-дан астам қызметкер оның есепшотына әртүрлі мөлшерде ақша аударған, ал ол түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Алматы облысында Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?