Ата-аналардан негізсіз ақша жиған балабақшада тергеу ісі басталды

cover Фото: Janalyq.kz

Астанадағы балабақшалардың бірінде ата-аналардан заңсыз ақша жиған балабақша анықталып, тергеу ісі басталды.

Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.

Сонымен қатар, жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан демалыс кезеңінде орындарды қамту үшін негізсіз ақша жинағаны анықталды.

«Балабақшаларда қызметкерлерді жалған жұмысқа қабылдау фактілері анықталды, оларға заңсыз жалақы төленген. Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды», деп хабарлады прокуратура.

Бұдан бөлек, кейбір балабақшаларда мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған және сынабы бар шамдарды сақтау мен жоюда заңбұзушылықтар анықталды. Қадағалау актілері негізінде барлық заңбұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар