Астанадағы жол апатынан аяғынан айырылған қызға 30 млн теңге төленеді
Фото: Elements.envato.com
Астанада автобус жолаушылары тап болған жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған сегіз жастағы қызға қандай көмек көрсетілетіні туралы әкімдік мәлімдеді. Зардап шеккен қыздың отбасына баспана, қолдау және оңалту шаралары уәде етілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыздың отбасына көмек қарамағында осы автобус болған компания тарапынан көрсетіледі. Компания сақтандыру полисі бойынша 19,6 млн теңге көлемінде төлем жасайды. Бұған қоса, автопарк басшылығы 10 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетпекші.
Қыздың отбасы Астанаға Ақмола облысынан көшіп келгендіктен, жергілікті билік емделу және оңалту кезеңінде баспана жалдауға көмек ұсынды. Медициналық және психологиялық қолдау ұйымдастырылды, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері шешіліп жатыр.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы тұрақты — ол арнайы бөлімге ауыстырылған. Ауруханада сол апаттан зардап шеккен тағы екі адам ем алып жатыр.
Бұған қоса, астаналық еріктілер сегіз жастағы қызға медициналық көмек пен оңалту үшін қаражат жинауды бастап кетті. Олар өз хабарламаларында зардап шеккен отбасының көпбалалы екенін, анасы бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, Астанадағы жол апатынан 15 адам зардап шеккен болатын. Дәрігерлердің тексеруінен кейін 12 адам үйлеріне жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. 2017 жылы туған қыз ауыр жарақат алып, екі аяғы кесілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астанада автобус апатынан кейін аяғын кесуге тура келген қыздың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
Еске салайық, 2 маусым күні Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылды. Автобус жүргізішісі қамалды. 15 адам түрлі жарақат алды. 2017 жылғы қыздың аяғын кесуге тура келді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты