Астанадағы спорт кешендерінің бірінде полиция қызметкері бақилық болды

cover Фото: бейнеден кадр

Астананың спорт кешендерінің біріндегі жаттығудан кейін құқық қорғау органы қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығудан кейін залдан шыға бере 42 жастағы ер адам талып қалған.

«Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдады, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлім себебі миокард инфарктісі. Қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,   деп хабарлады ведомство.

Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді

«Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер еді. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпейді» деп жазды Ержан Сәденов.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар