Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
Фото: facebook.com/NordmanKZ
Астанада LRT жобасына жауапты компания мәжіліс депутаттарына пойыздардың ішкі жай-күйін көрсетіп, жүйенің қалай жұмыс істейтіні жөнінде таныстырылым өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутат Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында жазғандай, кездесуге Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов, Павел Казанцев, Марат Башимов, Татьяна Савельева және Снежана Имашева қатысқан. LRT әкімшілігі оларды нысандағы қазіргі жағдаймен таныстырып, экскурсия өткізген.
Астана LRT ұсынған негізгі деректер мыналар:
- Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд АҚШ доллары.
- Әуежай мен Нұрлы жол вокзалы арасында 18 станция болады.
- Станциялар арасындағы арақашықтық – 400 метрден 2 шақырымға дейін.
- Барлық станцияларда эскалаторлар мен лифтілер қарастырылған.
- Әр пойыз төрт вагоннан тұрады, вагондар арасында қабырға болмайды.
- Барлығы 19 құрам жолға шығады.
- Қозғалыс аралығы – 2–4 минут.
- Пойыздар сағат 06:00 мен 23:00 аралығында жүреді.
- Билет бағасы шамамен 200 теңге болуы мүмкін, бірақ бұл шешім әлі бекітілмеген.
- Болашақта LRT тармақтарын Қосшы және Ільинка бағыттарына дейін ұзарту жоспарлануда.
Самат Нұртаза пойыздардың сапасына жеке тоқталып, былай деді:
«Сапасы жаман емес, жұмсақ пластик. Лондон мен Мәскеудегі вагондардағыдай қатты емес – орындықтар жұмсақ матамен қапталған. Тек кейін бүлінбесе дейсің – біреудің аты-жөндерімен шимайланып кетпесе болғаны», – деп жазды ол.
Депутат сонымен қатар жобада жұмыс істеп жатқан қытайлық мамандардың кәсібилігін атап өтті. Оның айтуынша, олар пойыз жүйесінің ауа райының түрлі жағдайларындағы беріктігін тексеріп жатыр.
«Қыста есіктер қатпай ма? Жазда рельстер кеңейіп кетпей ме? Апат жағдайында пластик сынбай ма? Барлық сынақтар аяқталған соң, қытайлық серіктестер LRT жүйесіне кепілдік береді», – деді Нұртаза.
Жаңа пойыздардың ішкі және сыртқы көрінісі қазақы ою-өрнектермен безендірілген. Жоба авторлары жылы әрі көзге жайлы түстерді арнайы таңдаған. Ал тіректер жарнама орналастыру үшін жалға беріліп, ол қаржы жолды күтіп ұстауға жұмсалмақ.
Пойыздарды жуу және тазалау үшін жеке депо салынып, онда барлық жұмыс роботтар арқылы жүргізіледі. Тазалау әр түн сайын жүргізіледі деп жоспарланған.
Әр құрамда машинист болмаса да, қауіпсіздік пен тәртіпке жауап беретін бір бақылаушы қызмет етеді.
Алайда LRT вагондары іске қосылмай жатып вандализмге ұшыраған: қызметкерлер олардың сыртын бояп кеткен жазулардан тазартып үлгерген.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы