Астанада үй кезегінде тұрған жеті баласы бар ананың құқығы қорғалды
Фото: ZHKX Info
Астанада үй кезегінде тұрған көп балалы ананың кезегі заңсыз алып тасталғаны белгілі болды. Сот кейін оның құқығын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Астана қаласында «Алтын алқа» иегері, 7 баланың анасын үй кезегінен заңсыз алып тастаған.
Әйел 2009 жылдан бері үй кезегінде мемлекеттік қызметкер және көп балалы ана ретінде тұрған. Оның күйеуі немесе туысында жылжымайтын мүлік болғандығы анықталып, оны кезектен алып тастаған. Әйелге қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасымен соттасуға тура келді.
«Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот тұрғын үй инспекциясының әрекетін заңсыз деп танып, әйелді кезекке қайта тұрғызуға міндеттеді. Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот бұл шешімдердің заңдылығын растады», – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.
Сондай-ақ Жоғарғы сот мұқтаж деп танылған және белгіленген тәртіппен тұрғын үй кезегіне қойылған аналарды кезектен шығаруға болмайтынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуіне зәулім сарайды беруге мәжбүр болды
Жаңалықтар
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды