Астанада вакциналау науқанының бірінші күні 4500 адам екпе салдырды

cover

Нұр-Сұлтанда халықты жаппай вакциналаудың бірінші күні 4 500 адам коронавирусқа қарсы екпе алды.

Ақпарат елорда әкімдігінің сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакциналаудан 20-90 жас аралығындағы адамдар өтті (ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен вакцина алу үшін жоғарғы жас шегі алынып тасталды).

— Біз бірінші болып ауруға шалдығамыз. Өткен жылы өте қорқынышты болды. Мен әлі де немерелерімді тәрбиелегім келеді. Сондықтан вакцинаны ойланбастан салдырдым. Бізге де вакцина алуға болатынын білгенде, қуанып, емханаға келдім. Дені сау өмір сүргім келеді, - деді 72 жастағы қала тұрғыны Қайыргелді Жұманов.

Медицина қызметкерлері екпе алғысы келетіндердің көп екенін айтады.

Елордада коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғысы келетіндердің барлығын жаппай егу 12 сәуірде басталды. Жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 640 мыңнан астам азаматты немесе халықтың 60% - ын екпемен қамту жоспарлап отыр. Вакцинация қаланың МСАК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да жүргізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар