Астанада Ulysmedia тілшісін полиция қызметкерлері алып кетті
Фото: Ulysmedia.kz
Астанада перзенттерінен айырылған ата-аналар Президент әкімшілігіне өтініш тапсыру үшін Үкімет үйінің алдына жиналды. Оқиға орнынан ақпарат таратуға барған Ulysmedia тілшісінің кәсіби қызметіне полиция қызметкерлері кедергі келтіріп, оны бөлімшеге алып кетті, деп хабарлады Orda.kz.
Президент әкімшілігіне өтініш айта келген аналардың арасында Адель Ақанованың анасы Айнагүл Бейісова бар. Ол қызының кісі қолынан қаза тапқанына сенімді. Сондай-ақ жиынға Ақнәр Гүлстанның анасы да келді. Оның қызының мәйіті Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, бойжеткен жетінші қабаттан құлаған, алайда анасы бұл тұжырыммен келіспейді.
«Оқиғаны сол жерде түсіру үшін барған Ulysmedia.kz журналисін полиция белгісіз себептермен ұстап әкеткен. Жиналған әйелдер қаза тапқан балаларының портреттерін ұстап тұрды», – деп жазды редакция.
Жиынның басты мақсаты – аналардың істің әділ тергелуін және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуі.
Заңгер Инга Иманбай өзінің Facebook парақшасында ата-аналарды да белгісіз бағытқа алып бара жатқанын хабарлады.
«Олар ғимаратқа кіріп үлгермеді, өтініш қабылданбады. Аналарды белгісіз бағытқа алып кетті. Қазіргі уақытта олардың қай полиция бөлімшесінде екені, қандай негізде ұсталғаны және туыстары мен адвокаттарымен байланысу мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз», – деп жазды Инга Иманбай.
Ulysmedia-ның мәліметінше, Есіл аудандық полиция басқармасында басылым журналисін бір сағаттан астам уақыт ұстаған. Оның смартфонын алып қойып, түсірілім жасауға тыйым салған және фото, бейнематериалдарды өшіруді талап еткен. Алайда кейінірек тілші босатылды.
«Орда» редакциясы Астана қалалық полиция департаментіне осы жағдай бойынша түсініктеме беруді сұрап, сауал жолдаған болатын. Өз жауабында департамент ата-аналардың жиналуын «рұқсат етілмеген митинг» деп бағалады.
«Олармен бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өзін журналистпін деп таныстырған, бірақ оны растайтын құжаттары болмаған ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Жеке басы анықталғаннан кейін ол босатылды», – деп мәлімдеді Астана қалалық ПД өкілдері.
Еске сала кетейік, 1 желтоқсан күні Orda.kz редакциясының кеңсесіне қара киім киген арнайы жасақ өкілдері басып кіріп, журналистердің ұялы телефондары мен редакцияның барлық техникасын алып кеткен болатын. Кейін бас редактор Гүлнәр Бажкенованың үйінде де тінту жүргізілгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?