Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімінің баспасөз қызметі.
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған шара оның Астанадағы ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды.
«Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, елордалық ардагерлер ұйымының өкілдері, қалалық ҚХА, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және Аналар, ғылыми-сараптамалық топ, «Жастар ассамблеясы» РҚБ, сонымен қатар Р.Қошқарбаев атындағы №44 орта мектеп оқушылары қатысты» делінген хабарламада.
Астана әкімдігі, Қорғаныс министрлігі, қалалық ардагерлер кеңесі атынан гүл шоқтары бар себеттер қойылды.
Сонау Кеңес заманында қазақ халқы осындай қаһармандармен мақтанатын. Оның 100 жылдығына орай бүгін Астана әкімдігі мен ҚХА гүл шоқтарын қойды. Кейін Достық үйінде дөңгелек үстел өтті. Мұнда Рақымжан Қошқарбаевты көрген жұрт естеліктерін айтты. Тарихшылар батырдың мемлекет тарихына қосқан үлесі туралы да пікір алмасты.
«Бүгінгі күн ерекше, ұмытылмас күн, бұл шара ұлттық санамыз бен болмысымызға әсер етті. Астана қаласының тумасы, жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевты ұлттық мақтанышымыз десек артық болмас. Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын тойлау – қазақ халқының Ұлы даланың батыр бабаларының ұрпағы екенін ұлттық жетістіктерімізді дәлелдейтін шара. Батырдың өмірі мен ерлігі жастардың ұлттық рухын көтереді, ұлттық сезімін шыңдайды», - деді ҚХА төрағасының Астанадағы қоғамдық орынбасары, тарихшы Әміржан Әлпейісов.
Шараның мақсаты – аты аңызға айналған ұлы тұлғаның әскери мұрасын зерделеу және ата-бабаларымыздың ерлігін насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Еске салайық, 1945 жылы 30 сәуірде сағат 14.25-те Берлиндегі Рейхстагты басып алу кезінде қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаев бірінші болып Рейхстаг ғимаратына қызыл туды тіккен болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды