Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды

cover Фото: ҚР ТЖМ

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешені ауласындағы кіреберісті көлігімен жауып тастаған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тұрғын үй кешенінде ереже бұзып қойылған көлік оқиға орнынан жедел түрде алынып тасталған.

Жүргізушінің жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және төтенше қызмет жұмысына кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады», деп хабарлады ПД. 

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні елорданың Есіл ауданында, Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты. 20 адам эвакуацияланды, алайда пәтер ішінен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Сонымен қатар, күйік алған анасы ауруханаға жеткізілді.

Астана қалалық ролиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде кәмелетке толмағандардың мәйіттері табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ал төтенше жағдайлар департаменті пәтердің екі құлпы бар темір есікпен жабылғаны, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бұзып ашқаны айтылды.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен зардап шеккен әйел ауыр халде.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар