Астанада Кенесары ханның ескерткішін қайта орнатты
Фото: Orda.kz
Астанадағы Кенесары хан ескерткіші күрделі жөндеуден кейін өз орнына қайта қойылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылы қараша айында ескерткішті алып тастағанда қоғам өре түрегеліп, қызу талқылаған еді. Ресми мәліметке қарасақ, мүсіннің тұғыры қисайып, құлап қалуы мүмкін болған соң, ол уақытша алынып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
«Кенесары ханның ескерткішіне қалпына келтіру жұмыстары жасалып, қайта орнына қойылды. Қазір маңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», — деп мәлімдеді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі өткен ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістерде тайға таңба басқандай анық көрінеді. Сол азаттық жолында соғысып өткен қазақтың соңғы ханы — Кенесары хан. Қайта орнатылған Кенесары хан ескерткіші – ел тарихына, тәуелсіздік жолындағы күрескерлерге деген құрметтің белгісі.
Жаңалықтар
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар