Астанада электронды үкімет арқылы емтихансыз жүргізуші куәлігі ұсынылған
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мессенджерде egov_kz логинімен аккаунт ашқан интернет-алаяққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана тұрғыны Instagram желісінде жалған egov_kz аккаунтын 2021 жылдың желтоқсан айында ашқан. Онда ол жүргізуші куәлігін емтихансыз алуға болатыны туралы хабарландыру жариялаған. Оның қармағына 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың сәуірі аралығында 19 қазақстандық ілінді. Жүргізуші куәлігін сатып алу үшін олар бейтаныс адамға 10 мыңнан 150 мың теңгеге дейін аударып, ол ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.
Сотта оның кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, WhatsApp хаттарымен, банк түбіртектерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сот үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушілер, сотталушы және прокурор сот үкіміне шағымданбады.
«Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар кінәсін мойындау, шын жүректен өкіну, жас бала болуы және келтірілген зиянды өз еркімен ішінара өтеу есепке алынды. Сот жғдайды ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ» деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
Алаяқ Түркістан облысының тұрғынына 250 мың теңгеге жүргізуші куәлігін беремін деп уәде беріп, құжаттарын пайдаланып, оған үш рет несие рәсімдеген. Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын ол белгісіз біреуді кездестіріп, оған тез арада жүргізуші куәлігін алуға болатынын айтқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен үш миллион теңге болған.
Жаңалықтар
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды