Астанада бір күнде екі адам терезеден секіріп кетті

cover Фото: freepik.com

18 желтоқсан күні полицияға «Highvill» тұрғын үй кешені аумағынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тексеру барысында оның жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне қол жұмсаған. Сол күні елорданың басқа ауданында әйел адам 18-қабаттағы алаңнан құлап кеткен.

Қалалық полиция департаменті бұл екі оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ екенін хабарлады. Екі факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар