Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митиңге шықты
Фото: Orda.kz
Астанада Үкімет үйінің алдында әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митиңге шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Наразы аналар Қорғаныс министрлігінен әскер жүйесін реформалауды және балаларының өлімі бойынша әділ тергеу жүргізуді талап етті.
«Сарбаздардың өлімі тоқтасын! Әділ тергеу болсын! Әділ сот болсын!», — деп айқайлады әйелдердің бірі.
«Дәлелдерді жояды, кінәлілер жазадан құтылады, ал біздің балаларымыз қырылады! Неге оларды жазаламайды? Ең ауыр жаза дегенде салғырттық танытқан әскериді жұмыстан босатып қана қояды. Бұл — заң бұзу!», — деді аналар.
Оқиға орнына полицейлер бірнеше рет келіп, әйелдерді тәртіп сақтауға шақырған. Әзірге тәртіп сақшылары аналарды тарқатпай, тек бақылап тұр.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды