Астанада 59 жастағы әйел отадан кейін көз жұмды

Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны Астанадағы жеке емханада мұрын қалқасын түзету бойынша жоспарланған отадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай осы жылдың 3 маусымында болған. Марқұмның ұлының айтуынша, ота кезінде анасының тыныс алуы қиындап, хирургиялық көмек қажет болыпты.
Оның айтуынша, отаны бұған дейін 22 жастағы қызға риносептопластика жасаған дәрігер жүргізген. Ал ол қыз алты ай жансақтау бөліміне жатып шыққан. Енді марқұмның ұлы дәрігерді кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.
Белгілі болғандай, 3 маусымда ота өткізілген кезде емхананың медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаған. Емхана мемлекеттік лицензияны тек 2025 жылғы 17 маусымда, яғни науқас қайтыс болғаннан кейін ғана алған.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады.
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында баласының бетінен ұрған ер адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында оқушысы қайтыс болған мектептің директоры қызметіне оралды
- «Оң аяғын кесіп тастады»: Семейде 23 жастағы жігітті пойыз қағып кетті
- Алматыда қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты
- Техаста екі Қазақстан азаматы қолға түсті
- Астанада ашаршылық құрбандарының мүсініне макияж жасаған әйел жазаланды
- Алматы тауында досымен төбелесіп жарақаттанған турист құтқарушыларды балағаттады
- Астанада 59 жастағы әйел отадан кейін көз жұмды
- Жапония тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды
- Түркістанда 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан бала көтерді
- Орал маңындағы ауылда оқушылар пышақтасты
- Қарағандыда полиция бекетіндегі қыздың өлімінен кейін полицейлер қызметінен босатылды
- Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады
- Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады
- «Шынайы жанкүйерлер келеді»: «Қайрат» ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді
- Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
- Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады