Астанада 5 бала бірігіп, 7 жасар баланы үшінші қабаттан лақтырмақ болған

cover Фото: freepik.com

Астанада қыркүйектің басында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бірігіп, 7 жасар баланы үшінші қабаттан лақтырмақ болған. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оқушылардың ата-аналары жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Астана сотының мәліметінше, бес кәмелетке толмаған бала «Суицид» қауіпті ойынын ойнау үшін 7 жасар баланы құрбан ретінде пайдаланған. Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріп, баспалдақ пен баспалдақ алаңы арасында ұстап тұрған.

Сот отырысы барысында төрт ата-ана өз кінәсін мойындады, біреуі мойындамады.

«Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы оқиғаның бейнежазбасымен және тараптардың жазбаша түсіндірмелерімен расталды. ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді» делінген хабарламада. 




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар