Астанада 20-ға жуық көшеге ұлт зиялыларының есімі берілді
Фото: gov.kz
Астанада 19 көшеге ұлт зиялыларының аты берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Елордада 1173 көше бар. Сол көшелердің 19-на биыл ұлт зиялыларының есімі беріліп отыр. Олар Оралхан Бөкей, Мұзафар Әлімбаев, Нұрлан Балғымбаев сынды ұлт зиялыларының атындағы көшелер.
«Керей Жәнібек хандар көшесі деп бір көшеге екі ханды беріп отыр. Енді біздің қазақ хандығының басында тұрған тұлғаларымыз ғой. Соны енді бөлеміз бе, бөлмейміз бе деген сұрақ үнемі қозғалады. Меніңше екеуі екі есім, екі тұлға. Екінші бізде ойланып істелген бір шаруа бар, Мирзоян көшесін ұлы Қаныштың атына беру үлкен тарихи шешім болды», - дейді қайраткер Дәулеткерей Кәпұлы.
Бурабайда өткен құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев ел зиялыларының тарихына мән беру керегін айтқан. Депутаттар да бұл бастаманы қолдап отырғанын жеткізді.
«Кейбір қалада 5-6 үлкен дәрежедегі бір бірін қайталайтын көшелер бар. Ол азаматтар үшін қиындық тудырады. Бұның бәріне де тәртіп орнату керек екені айдан анық, Сол себептен заң да өзгеріп жатыр, біршама орталыққа негіздеу жүргізіп жатыр», - дейді депутат Айдос Сарым.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды