Астана тұрғындары Ақтаудағы оқиғаға байланысты жаппай қан тапсырды

cover Фото: GOV.KZ

Астана қаласының тұрғындары Ақтауда болған әуе апатынан зардап шеккендерге көмек ретінде   жаппай қан тапсырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақтау маңында болған қайғылы оқиғаға байланысты Астана қаласының тұрғындары 25 желтоқсан күні қан орталығында кезекте тұр. Келген азаматтардың барлығы  Ақтауда Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағында апатқа ұшырағандар мен қаза болғандардың отбасына көңіл айтады.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Әзірбайжанның Баку қаласынан Ресейдің Грозный қаласына ұшқан ұшақ Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар