Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады

cover Фото: freepik.com

Қазгидромет синоптиктері 5, 6 және 7 наурыз күндері Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Астана қаласындағы ауа райы болжамы

5 наурыз: Ауа райы құбылмалы бұлтты. Түнде қар, күндіз жауын жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады. Ауа температурасы — түнде -4…-6°, күндіз 0…+2°.

6 наурыз: Түнде және таңертең қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с соғады. Температура түнде -5…-7°, күндіз -2…-4°.

7 наурыз: Түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Температура түнде -5…-7°, күндіз -1…+1°.

Алматы қаласындағы ауа райы болжамы

5 наурыз: Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде -1…+1°, күндіз +6…+8°.

6 наурыз: Құбылмалы бұлтты. Кей жерлерде тұман түседі. Температура түнде -1…+1°, күндіз +5…+7°.

7 наурыз: Құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Температура түнде 0…+2°, күндіз +7…+9°.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер ететінін хабарлаған. Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар