«Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанабылов кінәсін ішінара мойындады

cover Фото: instagram/ @zhanabylov_e

Астана қаласының қылмыстық соты Ерболат Жанабыловтан жауап ала бастады, блогер өзінің кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.

Еске сала кетейік, Жанабыловтардың үстінен екі қылмыстық бап бойынша іс қозғалды.

  • ҚР ҚК 214-бабы – заңсыз кәсіпкерлік;
  • ҚР ҚК 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату).

Ерболат Жанабылов заңсыз кәсіпкерлік бабын мойындаса, алайда ақша жылыстату бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Ол әкімшілік іс қаралған кезде өзіне ықтимал салдарлар толық түсіндірілмегенін атап өтті.

«Кінәмді ішінара мойындаймын. Әкімшілік іс қозғалған кезде бізге ештеңе түсіндірілмеді, бұл дұрыс емес, лотерея ережесін бұзу екені айтылмады. Біздің адвокат Олег Чернов бізге ешқандай құжатқа қол қоймаңдар, себебі бірнеше айдан кейін бізге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деді. Сол кезде комитетте мен де, жұбайым да құжаттарға қол қоюға дайын едік. Ісімізге Ғаухар Айтжанова араласқаннан кейін ғана біз прокуратураға барып, жай ғана адамша ашық сөйлесуге болатынын білдік», – деді блогер.

Сондай-ақ ол қорғау тарабы жағдайды реттеуге тырысқанын, келісім жасау ұсынылғанын, бірақ іс төңірегіндегі қоғамдық резонансқа байланысты бұл мүмкін болмағанын жеткізді.

«Мен бұған дейін бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқпын, сұхбат та бермедім. Мен қорықтым. Мен қарапайым блогермін, аспаннан түскен байдың баласы емеспін. Біз алты адам тұратын 13 шаршы метрлік жатақханада 18 жыл өмір сүрдік. Жұбайыммен де сол жатақханада таныстым. Қолымызда ештеңе болған жоқ, бәрін екеуміз бірге нөлден бастадық. Ал қазір бізді қылмыскер, алаяқ ретінде көрсетіп жатыр», – дейді сотталушы

Еске сала кетейік, бір ай бұрын блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар