Әскери күштер мен құралдардың жауынгерлік әзірлігі тексеріледі

cover

13 наурызда Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері Астана маңында әскери техникамен ж.ріп өтеді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іс-шаралар гарнизонның әскери бөлімдерінің күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін тексеру аясында өтеді.

«Осы уақытта елорда маңындағы елді мекендерде, оның ішінде Қарағанды ​​тас жолында әскери техника колонналарының өтуі кезінде тас жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін» деп ескертті министрлік.

Қазақстандықтардан сабыр сақтап, жалған хабарлама таратпауды сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар