Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Түркияға қайта аттанды
Фото: Instagram/ Inga_imanbay
2 қыркүйек күні таңертең кезінде Алматыдағы 5571 әскери бөлімінен мүгедек болып қайтқан сарбаз Ербаян Мұхтар ата-анасымен бірге Стамбұлға аттанды. Ол емдеудің екінші кезеңі, яғни толық оңалту курсын аяқтауға кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында Ербаян үшін бұл сапар шешуші кезең екенін жазды. Заңгердің айтуынша, Ербаянның емінің бірінші кезеңін халық жылу жинап көтерген болса, екінші ем-дом шараларын мемлекет қолға алған екен. Ал Стамбұлға ұшуды ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі бірлесіп ұйымдастырыпты.
Ербаянның ата-анасы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен генерал Қайрат Үмбетовке көрсеткен көмегі үшін алғысын айтып жатыр. Заңгер Ербаянға қатысты мемлекеттік құрылымдардың дұрыс шешім қабылдағанына және көмек қолын созғанына шын жүректен қуанышты екенін жазды.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар басынан соққы алып, ауыр жарақаттың кесірінен төсекке таңылып, сал болып қалған еді. Orda.kz Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын. Олар ұлдарына қастық жасалғанын, ауруханада рұқсатсыз миының бір бөлігін алып тастағанын айтқан еді. Сонымен қатар емге қаражат жоқ екенін де мәлімдеді. Осы жағдайдан кейін Қазақстан халқы Ербаянның еміне жылу жиды. Көптің арқасында сарбаз Түркияға аттанып, ота жасатып қайтты.
Жаңалықтар
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды