Әшімбаев ЖЭО құрылысына ресейліктердің қатысуы туралы пікір білдірді
Сурет көрнекілік үшін
Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен салынып жатқан үш ЖЭО туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев түсініктеме берді. Оның айтуынша, инвестициясыз мұндай нысандарды жаңғырту қиын, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Ол бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету екенін, өткен қыста Қазақстанның көптеген өңірлерінде ескірген ЖЭО-ның зардаптары сезілгенін айтты.
«Жылдар бойы жаңғырту жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілген жоқ, себебі тариф төмен болды. Ал осы ЖЭО-ны басқарған субъектілер тариф саясатына өзгеріс енгізілмей, жылу электр стансаларына салынған кез келген инвестицияның ақталмайтынын және тиімсіз болатынын айтты. Сондықтан Мемлекет басшысы жұмысты жандандырып, «Инвестицияға айырбас тариф» саясатын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады», - деді ол.
Әшімбаевтың айтуынша, бюджеттен үнемі ақша бөлінгенімен, ЖЭО-ны жаңғыртуға әлі де қаржы жетпейді. Сондықтан Қазақстанға тарифті одан әрі өсірмей-ақ қаражатты қайтаруға болатын инвесторлар қажет. Сенат спикері жылудың қымбаттауына байланысты тұрғындардың қиын жағдайға тап болмауы керектігін қадап айтты.
«Егер бірнеше ЖЭО-ға инвесторлар келіп, мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға зиян келтірмейтін және сапасына халықтың көңілі толатын нысандарды жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілсе, онда бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетілуі қажет деп ойлаймын», - сөзін қорытындылады Сенат төрағасы.
Әшімбаев еліміздің барлық облыстары мен қалаларында жылу электр стансаларын осылайша жаңарту қажеттігін айтты.
Еске салайық, Қазақстан мен Ресей шекара маңы ынтымақтастығының ХІХ өңіраралық форумында ресейліктер Көкшетау, Семей және Өскеменде үш жылу электр станциясын салу туралы хабарлаған болатын. Тиісті меморандумға екі елдің энергетика министрліктері қол қойды.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ