Ащыбұлақтағы жағымсыз иіс: Халық талабынан кейін 8 млрд ақшаны әкімдік қайда жұмсамақ?
Фото: Orda.kz / Ислам Әден
Ащыбұлақ ауылдық округінің халқы кәріз бен ағынды сулардың қолқаны алған иісіне наразы. Олардың сөзінше, кешке ауылды сасық иіс жайлайды. Бұл мәселемен жұрт 30 жыл бойы күресіп келе жатыр. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға әкімдік пен «Алматы Су» кәсіпорнының басшысы келді.
Orda.kz тілшісі Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы №19-мектепте өткен әкімдік пен халықтың жиынына қатысып, мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Іле ауданының мәслихат төрағасының айтуынша, бұл мәселені айтқан тек Ащыбұлақ қана емес. Сондай-ақ Қараой, Байкент және т.б ауылдық округтері де дабыл қағып жатыр.
8 млрд-қа қандай жоба жасамақ?
Жобаны таныстыруды «Алматы Су» МКК директоры Досжан Абдрахманов бастады. Оның сөзінше, қазіргі мақсат – «Тұнбаны сусыздандыру» цехын ашу. Осылайша иіс мәселесін шешу.
«Соған байланысты қазір бізде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдыңғы жиналыстарда да айтып кеткенбіз. Бұл цехты салу ұлттық жобаға кіргізіледі. Қазір қаржылық-эконмикалық тұрғысынан есептеу жүргізіліп жатыр. Егер осы жұмыс аяқталса, ақша бөлінсе, сол цехты салып, иісті кетіруге болады», – деді «Алматы Су» МКК директоры Досжан Абдрахманов.
Жиналыста цехты салу жобасына 8 млрд теңге жұмсалатыны және жоба 12 айда салынатыны айтылды.
Сондай-ақ, осы істі шешу мақсатында Петропавл қаласынан келген Николай есімді «Алматы Су» мердігері жобаны таныстырды.
«Бірден айтайын, жұмыс технологияның шама-шарқын білу үшін істелетін тәжірибелік жұмыс. Осы жылдың соңында бұл жоба керек немесе керек емес екені туралы шешім қабылданатын болады. Біз 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз және Петропавл, Қостанай және Шымкент секілді қалалармен жұмыс істеп жақсы нәтиже шығарғанбыз».
Халық неге наразы?
Тұрғындарға сөз кезегі берілген кезде Гүлназ есімді Ащыбұлақ тұрғыны бастады.
«Біріншіден, дәл Ащыбұлақта ашық апат деңгейіндегі төгінді сулардың арнасы бар. ҮААЖ-бен жүрсеңіздер, сол жерден су ағып жатқанын көресіздер. Алайда бұл су емес, бұл кәріз. Екіншіден, қалған ауылдар батпақтың сасық иісінен тұншығып жатыр. 2022 жылы бұл іс бойынша жұмыстар жүргізілген болатын, мен сол жерде өзім де жүрдім, 2023 жылы иіс кетті. Сол арнаны тазартуды тоқтатпай, әрі қарай жалғастырып апат деңгейіндегі төгіндінің арнасын жауап тастаса екен дейміз. «Алматы Су» 1 жылда 40 га тазалау керек болған. Алайда олар тек 7 га ғана тазалаған», – деді Гүлназ.
Гүлназдың сөзінше, халықтың сұрайтыны тек уақытылы арнаны тазалап тұру. Сондай-ақ «Алматы Су» компаниясының тендерлері ұзаққа созылатын көрінеді. Прокурор оған микроорганизмдерге 110 млн теңге тендерге қаржы бөлінгенін мәлімдеген. Ал жоғарыда айтқан 7 гектарды тазалауға 72 млн қаржы жұмсалған.

Жиналыс кезінде тұрғындардың бірі Досжан Абдрахмановқа баласы осы иістің кесірінен астма ауруына шалдыққанын айтты.
«Сізге бір өтінішім бар, Досжан мырза. Келесі жолы барлығын нақты-нақты етіп түсіндіріп беріңізші, кішкентай болсын нәтижемен келуге тырысыңызшы, өтініш! Өйткені, алдымызда күз келе жатыр. Менің қызым осының кесірінен астматик болып қалды. Біз осы жерге көшіп келгенде баламда ентігу пайда болды. Ертең күз келгенде астматиктер қалай өмір сүреді? Әне-міне деп жүргендеріңізге жарты жыл болды, тым болмаса кішкентай балалар үшін бір нәтиже шығарыңыздаршы», – деді ашынған ана.
Сондай-ақ, «Алматы Су» компаниясы жерді құрғату жұмыстары бойынша тендер ойнатып жатқаны белгілі болды. Ол іске 19 млн бөлінген.

Гүлназдың айтуынша, жағымсыз иіс туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, облыс әкімі және Денсаулық сақтау министрі де хабардар болып отыр.
«Алматы Су» кәсіпорнының ендігі қадамы қандай?
Orda.kz тілшісі жиналыстан кейін «Алматы Су» кәсіпорнына ресми сауал жолдаған болатын. Өз жауабында «Нұр-Ж» ЖШС 17 гектар алаңды тазартқанын және тағы да 7 гектар тазалауға тендер жарияланғанын жазды.
«Тазарту жұмыстары Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан олар бір жылдың ішінде кезең-кезеңімен орындалады», – деп мәлімдеді «Алматы Су» бізге берген жауабында.
«Алматы-Су» бізге берген жауабында 2025 жылдың соңына дейін 40 гектар ил карталарын толық тазартуды жоспарлап отырғандарын айтты.
Тұрғындардың айтуынша, каналдың тек 7 гектары ғана тазартылған болса, компания 17 гектар тазаланған дейді.

Orda.kz тілшісі 7 гектарды тазалаған кәсіпкерден 10 гектарды қашан, қай уақытта тазалап үлгергенін сұраған болатын.
«Біз кәсіпкерміз ғой, бізге тиесілі жердің барлығын тазалап, өткізгенбіз. Қалған сұрақтарды «Алматы-Су» кәсіпорнына қоясыздар. Оны бізден де басқа мердігерлер тазалайды. 7 гектарды тазалағанымыз рас, бірақ қалған 10 гектарды кім тазалағанын білмейміз», – деді «Нұр-Ж» ЖШС-ның басшысы Нұрбек Саятұлы.

«Алматы-Су» өзінің ресми жауабында «Нұр-Ж» ЖШС 17 гектар тазалағанын жазса, Нұрбек Саятұлы бұны жоққа шығарып, тек 7 гектар тазалағанын айтты. Сонда 10 гектарды кім тазалады және қай уақытта тазалап үлгерді? Әлде 10 гектар тазаланбады ма? Бұл жағы әзірге беймәлім.
Еске сала кетейік, бұған дейін Orda.kz тілшісі Алматы облысындағы Алатау қаласына қарасты Қоянқұс ықшам ауданындағы қолқаны алған жағымсыз иіс мәселесін де көтерген болатын. Тұрғындардың сөзінше, сасық иіс жел соққанда және жаңбыр жауғанда шығады және бұл мәселе 2 жыл бойы шешілмей келе жатыр.
Жаңалықтар
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр