«АрселорМиттал Теміртау» басқаратын «Саран» шахтасында түнде өрт шықты

cover freepik.com

Қарағанды ​​облысындағы «Саран» шахтасында тағы өрт шықты. Кеншілер жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды АрселорМиттал Теміртау.

2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саран» шахтасында өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өртті кәсіби әскерилендірілген төтенше жағдайлар қызметі  бөлімі күштері сөндірді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Ешкім зардап шеккен жоқ, себептері мен мән-жай анықталуда, деп хабарлайды АМТ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 17 тамызда Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» шахтасында конвейер өртеніп кеткен болатын, ол да «АрселорМиттал» компаниясының бақылауында.

Оқиға кезінде 227 жұмысшы жер астында болса, оның ішінде 222 адам құтқарылды. Оқиғадан кейін үш күн ішінде құтқару тобы бес кеншінің денесін бір-бірлеп жер бетіне шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар