Арман Жұмагелдиевтің ұсталуына қатысты ПД пікір білдірді

cover

«Криминалдық авторитет «Дикий Арман» Нұр-Сұлтандағы мейрамханада ұсталды» делінген видео тарады. Полиция профилактикалық жұмыс жүргізілгенін айтты.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.

Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын ер азаматтың полиция өкілдерімен ұсталған видеосы әлеуметтік желіде тараған. Жазбаларда «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келгені айтылады. Күтіп алушы – Алиба «Семский» лақап атымен танылған азамат та ұсталған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді.

– Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын бір топ адамды ұстады. Барлық тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел - профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді, - деп хабарлады полициядан.

Ведомства өкілдері оның нақты Арман Жұмагелдиев екенін айтпады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар