«Арлан» арнайы бөлімшесінің сарбаздары сотталды
Фото: gov.kz
Көкшетауда «Арлан» арнайы бөлімшесінің бұрынғы қызметкерлері бұзақылық және адам ұрлау ісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот олардың әрқайсысын екі жылдан екі жарым жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Көкшетау қаласының судьясы Назгүл Ұстажанова төрт экс-полицейді алдын ала келісіп, бұзақылық және адам ұрлау әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сотталғандарға пробациялық бақылау белгіленіп, екі жылдан екі жарым жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, олар жәбірленушілерге 1,8 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы мен заң қызметтеріне кеткен шығындарды төлеуге міндеттелді.
2024 жылдың мамыр айында Көкшетау тұрғыны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Ол полиция қызметкерлерінің еш себепсіз онкологиялық дертке шалдыққан ағаларын ұрып-соққанын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін тергеу басталып, оқиғаға «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысы бары анықталды.
Сот-медициналық сараптама нәтижесі жәбірленушілердің жеңіл дене жарақатын алғанын көрсетті. Олардың денесінде көгерген жерлер мен сырылған жарақаттар анықталды, сондай-ақ бір ағасының миы шайқалғаны тіркелді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды