Ардагер журналистің үйіне деп жиналып жатқан жылу ресми түрде тоқтады
Фото: Facebook/ Kaken Kamzin
Алматыда белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин алаяқтарға алданып сатып жіберген үйін қайта қайтарып алатын болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сүйінші хабарды ардагер журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Кәкен Қамзин елден жылу жиюға мәжбүр болғанын, бұл шешім өзіне қиын екенін жасырмады.
Журналист: «өлімнен ұят күшті» дейді.
Сонымен Кәкен Қамзиннің үйіне деп жиналып жатқан жылуды ресми түрде тоқтатты. Оның айтуынша, 9 529 836 теңге қаражат жиналған. Кейін бір азамат келіп жетпеген барлық қаражатты профессордың қолына ұстатып кеткен.
«Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт, бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен қаражаттың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл тек қаржылай көмек қана емес, бұл — сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі», — деді журналист.
Айта кетейік, бұған дейін ардагер журналист, талай шәкірт тәрбиелеген, белді журналистерге дәріс өткен Кәкен Хамзин үйінен қалай айырылып қалғанын, оқиғаның қалай өрбігенін бүге-шүгесіне дейін айтып берген еді.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген