«Арамызда сатқындар бар». Шымкентте әкімдіктегі жиын кезінде шенеунікті ұстап әкетті
Фото: Internationallawyersassociates.com
Шымкентте әкімдіктегі жиын кезінде Антикор қызметкері қала басшысы Ғабит Сыздықбековке хабарласып, басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеті күдік тудырғанын айтқан. Әкім бұл қызметкерді дереу сол жерден алып кетуге болатынын айтты.
«Араларыңызда мемлекетшіл, адал кісілер көп екенін білемін, көбіңіз сондайсыздар. Сіздерге сенемін, сендім де. Ешқандай ауыстыратын ойым болған жоқ, бірақ кеткен кісілерді білесіздер. Олар сөзге көнбегеннен кейін кетті, өздерінің артында былықтары бар. Сіздерге нақты «Өткенді ұмытып, жұмысты шын, адал ниетпен бастаңыздар» деп айтқан болатынмын, бірақ, өкінішке қарай, арамызда сатқындар бар» , - деді Шымкент әкімі аппарат мәжілісі кезінде.
Осы кезде залға Антикор қызметкерлері кіріп, жиналыста отырған шенеуніктің біріне жақындап, қозғалған қылмыстық істі тергеу бойынша «оны алып кетуге тиісті қаулы бар» екенін айтады.
«Әріптестер, дұрыс түсініңіздер. Менің басқа амалым қалмады. Білесіздер ғой, бес ай бойы сіздерден «Әріптестер, адал істейік, адал қызмет етейік» деп сұрап келе жатырмын. Сіздерге жау емеспін. Қолымнан келгенді сіздерден аямаймын. Егер дұрыс жұмыс көрсетсеңіздер, мен әрдайым сіздермен бірге боламын. Ниеттеріңіз дұрыс болсын. Осыған дейін «жай әншейін әңгіме» деп ойлаған боларсыздар? Әңгіме емес, бұл – менің шын позициям. Маған берілген тапсырма. Мен одан ешқашан қайтпаймын, қаланы жөндеп, бір жағына шығаруға тырысамыз», - деді әкім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Otyrar-дың мәліметінше, ұсталған шенеунік – тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Әкім көпшіліктің көз алдында болған бұл жағдай сол жиынға қатысқан әкімдіктің басшылық құрамымен қатар бүкіл қызметкерге ой салар деп үміттеніп отыр.
«Әр нәрсенің сұрауы барын, бірінші кезекте сұрау салар адам бар екенін әріптестерімнің ұмытпағаны жөн. Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков Instagram-дағы парақшасында
Антикордың мәліметінше, келтірілген шығынның алдын ала көлемі – 120 миллион теңге.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды