Қарағандылық пирамида құрып, 150 адамның 58 млн-ын қолды еткен

cover

Қарағанды ​​қаласының тұрғыны қаржы пирамидасын құрып, екі жыл ішінде оған 150-ге жуық адамды тартқан. Салымшыларға келтірілген шығын 58 млн теңге болып отыр.

Бұл туралы Orda.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

32 жастағы пирамида құрушы қарағандылықтарға жылдам ақша табуға уәде беріп, оны әлеуметтік желілерде жарнамалады. Сондай-ақ, ол «Тәуелсіз трейдер» деп аталатын мессенджерде топтық чат құрған.

– Жобаның белсенді кәсіпкерлік қызметі туралы иллюзия жасау үшін ер адам Instagram мен Telegram-да жарнамалық мәтіндер мен видео хабарламаларды қысқа мерзімде салынған ақшадан екі есе көп ақша табу мүмкіндігі туралы жариялады. Яғни, ол 100 пайыз табыс табуға уәде берді. Ол қор биржасында ойнайтынын айтып, салымшылардың ақшасы осыған жұмсалады деп сендірді, - деді Қарағанды ​​облысы бойынша тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Сұңғат Хасенханов.

Салымшылар ағыны тез өсті. Ер адам туыстарын тартып, олардың банктік карталарын ақша аудару үшін пайдаланған. Салымшылар көбейгенде ол өз жұмысына әкімшілерді тарта бастады. Олар карточкаларына ақша қабылдап, миллион теңгеге дейін жинап, содан кейін оны пирамида негізін қалаушының картасына аударып отырған. Әкімшілердің жалақысы аптасына 25 000 теңге болды. 51 адам әкімші болып жұмыс істеді.

– Оған 15 адам әкімші болып жұмыс істеді. Бірақ адамдар оның қылмысы туралы білмеген. Олар өздерінің қылмыстық іске қатыстылығын білмей, тек жалақыға жұмыс істеп отырған. Олар өздері де ақша салып, алданып қалған. Құқық бұзушы олардың карталарын пайдаланды, - деп толықтырды полиция.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар