Апелляциялық сот Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты іске нүкте қойды
Коллаж: Orda.kz
Апелляциялық сот Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты іске нүкте қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыпталушы Жиенбай бас бостандығынан айыру жазасын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған. Оның айтуынша, кісі өлтіру ниеті болмаған. Ол тек «денсаулығына ауыр зиян келтірген».
Ал жәбірленуші тараптың адвокаттары, керісінше, істі қайта саралауды талап етті. Олардың сөзінше, Жиенбай қастандықты мұқият жоспарлап, Берденовті өлтіру ниеті болған.
Алайда сот екі тараптың да өтініштерін қанағаттандырмады.
Нәтижесінде, Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасарының қарамағындағы қызметкері тоғыз жылын түрмеде өткізетін болды.
Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды. Ернар Жиенбайға шыққан үкім не жәбірленушіге, не қорғау тарапына ұнамаған. Екі жақ та істі қайта қарауды талап етті. Процеске Orda.kz тілшісі қатысты.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды