Апатқа әкелген лицензиясыз гидроұшақ

cover Фото: ТЖМ

Алакөл көлінде гидроұшақтың апатқа ұшырауына байланысты ҚР Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшу кемесі мемлекеттік реестрде тіркелмеген, ұшуға жарамдылық сертификаты болмаған. Ұшқышта авиациялық персоналының жарамды куәлігі жоқ. Апаттың салдарын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Қазіргі таңда, әлеуметтік желілерде әуе турларын ұйымдастырып, ұшақтарға мінуді жарнамалау көбейіп кеткен. Осыған байланысты, азаматтар мемлекеттік куәлік пен лицензия, сақтандыру құжаттарын талап ету керек.

Еске сала кетейік, апаттан екі адам зардап шекті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар