Антикор Шымкенттегі еңбек мобильдігі орталығының басшысын ұстады

cover

Еңбек мобильдігі орталығының басшысы Әсет Шағдаттың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша «Еңбек мобильдігі орталығы» басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ведомство.

Антикор егжей-тегжейлерді кейінірек беруге уәде берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар