Антикор қылмыстық топтар және жүйелі жемқорлықпен күрес туралы баяндады
Коллаж: Orda.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрестегі жетістіктерін баяндады.
Антикордың баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы 212 адамға қатысты жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 49 фактісі анықталды. Олардың арасында 40 миллион теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінген төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің төрағасы мен Шымкент қаласы және Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылары да бар. Олар қамауға алынды.
Сондай-ақ, екі ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Павлодар облысында 153 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған «Ертіс орманы» мемлекеттік орман резерваты қызметкерлеріне қатысты іс тергелуде.
Түркістан облысының білім саласында бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан топ әшкере болды. Келтірілген шығын 3,7 млрд теңге болды. Жетісуда 4,3 миллиард теңге ұрлады деп айыпталған Талдықорған қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды.
Елордада көліктерді заңсыз рәсімдеп, 1,2 миллиард теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты.
Жаңалықтар
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты