Антикор БҚО медицина университеті ректорының ұсталғанын растады

cover Фото: Aktobetimes.kz

Әсет Қалиев пара алды деген күдікке ілінді.

Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының ұсталғаны туралы қауесет бір күн бұрын тараған болатын. Бүгін Антикор оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

«Сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталды. Біз басқа да ақпаратты қосымша береміз» деп хабарлады агенттік.

Әсет Қалиев мемлекеттік қызметке 2011 жылы кіріскен. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Медициналық университетті 2022 жылдың қыркүйегінде басқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар