Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет онкологиялық науқастар шипажайы директорын ұстады

cover

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұған дейін Алматы шипажайында онкологиялық аурулары бар балаларға бөлінген қаражатты жымқыру және тамақ өнімдерін сату туралы мәлімдеген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, кешен директоры ұсталып, үй қамауына алынды.

Алматылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер 26 ақпанда аталған кешен директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

— Ол 2015 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде жеке басының пайдасы үшін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған деп күдіктеледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламалары бойынша оңалтудан өтіп жатқан балалардың ата- аналарынан аталған мекемеде тұрғаны, тамақтанғаны және емделгені үшін аса ірі мөлшерде төлем алып отырған. Сонымен қатар мекеменің аса ірі сомадағы қаражатын жымқырды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуынша, жымқырылған ақша оңалтудан өткен балалар тамағының жетіспеуіне соқтырған.

Күдікті үй қамауында. Соңғы шешімді сот шығарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар