Антикор Алматы полицейлері пара алған видеоға байланысты тергеуді бастады

cover Фото: ІІМ

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының полиция қызметкерлерінің ақша алғаны туралы түсірілім тарады. Антикор видео бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Видеоны EGOV-PRESS telegram-арнасы жариялады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ғаламторда мониторинг жүргізу барысында аталған жағдайды анықтады.


Видеода көрсетілгендей, көлікте екі полиция қызметкері болған. Олар жолда тоқтап  банкоматтан  20 000 теңге  шешіп, көліктің артына салғаны көрсетілген.

Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар