Анасын көңілдесімен бірге ұстап алған: 7 жасар Милананың өліміне қатысты жантүршігерлік деректер белгілі болды
Павлодарда жеті жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Оның өліміне кінәлі ретінде Татьяна Давыдова мен оның сыбайласы Асқар Әбілдинов айыпталып жатыр.
Алдын ала сот отырысында прокурор Гүлмира Түлебаева қылмыстың егжей-тегжейі жазылған айыптау актісін оқыды.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қызды былтыр 17 қарашада Бесқауға ауылында өлтірген. Бұл күні Давыдовтар отбасының көршісі Асқар Әбілдинов бір бөтелке ішімдік алып, Татьянаға барған. Олар көңілдес болған.
«Олар жүйелі түрде ішумен бірге интимдік қарым-қатынас та орнатқан. Ер адам 2023 жылғы 17 қарашада пластик бөтелкедегі алкоголь сусынды алып, тағы да көршілерінің үйіне барған. Ол 12:30-да үйде Давыдовадан басқа ешкім болмайтынын жақсы білген, себебі күйеуі далада мал бағып жүрген, ал балалары мектепте болған»,деді прокурор.
Дәл үйдің дәлізінде ер адам мен әйел спирттік ішімдік ішіп, жыныстық қатынасқа түскен. Өкінішке қарай, жеті жасар Милана осы уақытта мектептен оралған. Ол өз анасын көңілдесімен ұстап алып, әкесіне айтамын деп қорқытқан. Осы сәтте Татьяна Давыдовада она өлтіру ниеті пайда болған.
«Ол өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып, үйге жүгіріп кіріп, қызын кіреберісте қуып жетіп, оны ұрып-соққан. Дәлірек айтқанда, ол сол қолының жұдырығымен оның бетінен екі рет ұрған», - деді Түлебаева.
Сондай-ақ анасы баланы белдікпен ұрған, осыдан кейін қызы есінен танып қалған. Содан кейін көршісі іске кіріскен.
«Ол қылмыс қаруы ретінде белдікті қолданып, оны Давыдова Милананың мойнына салып, ілмек жасап, тұншықтырған» делінген қорытындыда.
Қылмысты Милананың інісі көріп тұрған, ол да осы кезде мектептен оралған. Бала есеңгіреп қалған.

Тергеу мәліметтерінше, кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі үйдің жанындағы металл цистернаның астына жасырылған.
Сол күні кешке анасы Милананың ауладан жүгіріп қашып кеткенін және оралмағанын хабарлаған. Оны полиция мен еріктілер, волонтерлік ұйымдар қосыла іздеді. 19 қарашада баланың мәйіті табылып, ал күдіктілердің анасы мен оның танысы екені белгілі болды.
Татьяна Давыдова мен Асқар Әбілдиновтың соты 8 сәуірде басталады, процесс ашық режимде өтеді.
Жаңалықтар
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады