«Анасы мен ұлы»: Ақтауда құлаған ұшақтағы қазақтардың кім екені белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Бүгін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары қатарында 1975 жылы туған астаналық Гаухар Жұмағатқанқызы Шәймерденова мен оның ұлы Елдар Жұмағат болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz олардың есімдері жолаушылар тізімінде көрсетілгенімен, құтқарылғандар арасында жоқ екенін анықтады.
Қайғылы оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ұшақта болған 6 қазақстандықтардан тірі қалғандар жоқ. Қаза болғандардың төртеуі Маңғыстау облысынан — Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны, қаза болғандардың біреуі Қостанай облысынан — Сәлима Жүтаева есімді азаматша.
Еске сала кетсек, бүгін, 25 желтоқсан Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтау қаласы маңына құлады. ҚР көлік министрлігінің дерегіне қарасақ, ұшақта 62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ құлаған жерден 4 адамның мәйіті табылды.
Маңғыстау әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұшақта болған 67 адамның 29-ы аман, бірақ зардап шеккендер бар. 27 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды